Қостанай облысы әкімдігінің қызметкері Амангелді ауданы Үштоғай ауылында ұялы байланыс пен интернет желісі неге жоқ екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қостанай облысы әкімдігінің қызметкері Амангелді ауданы Үштоғай ауылында ұялы байланыс пен интернет желісі неге жоқ екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әкімдік қызметкері интернет пен ұялы байланыс жоқтығы 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, Үштоғай ауылында халық саны 234 адам болғанына байланысты екенін түсіндірді. Бұл ауыл Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (ҚР ЦДИАӨМ) интернет желісімен қамтамасыз ету жөніндегі жоспар-кестесіне кірмеген. Өйткені елді мекендерде халық саны 250-ден асса ғана интернетке қосылады.
"Алайда 2021 жылғы Үштоғай ауылы тұрғындарының саны 286 адамға дейін артты, бұл ауыл даму әлеуеті бар ауылдар тізімінде тұр", - деп атап өтті ведомство өкілі.
Ауылда 1 басты мектеп, 1 фельдшерлік-акушерлік бекет, 2 жауапкершілігі шектеулі ауыл шаруашылығы серіктестігі, 16 шаруа қожалығы, 12 жеке кәсіпкер (егіс алаңы 35 мың гектар) жұмыс істейді, шаруашылық жүргізуші субъектілер тарапынан жұмыс күшін тарту бойынша көктемгі және күзгі егіс жұмыстары маусымында халық саны 200, кейде одан да көп адамға артады.
"Қостанай облысының әкімдігі "Кар-Тел" ЖШС-мен (Beeline) бірлесіп, Үштоғай ауылын биыл 31 шілдеге дейін ұялы байланыспен және 3G Интернет желісімен қамтамасыз ету мәселесін пысықтады", - деп толықтырды ведомство өкілі.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен аттас 12 жастағы бала тұратын Қостанай облысы Үштоғай ауылында әлі күнге дейін ұялы байланыс пен интернет жоқ екені хабарланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!