"Әкімдікке жіберемін" деп видео түсірген бала жайлы не белгілі?

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

3 наурыз күні алматылық жеткіншектің әкімдік назарын аудару үшін балшыққа батқан жедел жәрдем көлігін түсіріп алған видеосы тарап кетті. Баланың бұл әрекеті Желі қолданушыларын таңдандырды. Қазнет жұлдызының анасымен Tengri Life сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

3 наурыз күні алматылық жеткіншектің әкімдік назарын аудару үшін балшыққа батқан жедел жәрдем көлігін түсіріп алған видеосы тарап кетті. Баланың бұл әрекеті Желі қолданушыларын таңдандырды. Қазнет жұлдызының анасымен Tengri Life сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Алматының Алатау ауданындағы Мәдениет шағынауданында түсірілген. Кадрда жолда үш жедел жәрдем көлігінің тұрғаны көрінеді. Бір көлік балшыққа батқан, ер адамдар оны қазып алуға тырысып жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 🅺🆁🅸🆂🅿🅸_🅰🅻🅼🅰🆃🆈 (@krispi_almaty)

"Жолды жөндеу үшін әкімдікке жібергім келеді. Жай келді деп ойлайсыздар ма?! Жолдың жөнделмегеніне 5 жыл болды ғой", - дейді бала видеода.

Әкімдік жеткіншектің видеосына жылдам жауап беріп, жолға жөндеу жұмысы аяқталған соң асфальт төселетінін айтты.

Бесінші сыныпта оқитын 12 жастағы Әмірхан Серікбайдың анасы оның футбол және джиу-джитсумен әуестенетінін айтқан.

"Әмірхан джиу-джитсу және футболмен әуестенеді, сондай-ақ ол математиканы ұнатады. Сабақты төртке және беске оқиды. Ол үйдің екінші баласы. Әмірханның әпкесі және қарындасы бар: 15 жастағы Айша және 5-жасар Томирис. Балаларды күйеуім екеуміз тәрбиелеп отырмыз", - дейді ол.

Әкімдікке арналған видеоны Әмірхан 3 наурыз күні таңертең түсірген, ол сол күні-ақ Қазнетте тарап кеткен.

"Бұл тарап кеткен видеоны ол менсіз өзі түсірген. Күнде үйге балшық болып келуден шаршаған болар. Оны желіге де өзі салған. Ол бұл проблемаға назар аударылатынына сенген. Проблема шынымен де бар, асфальтсіз қиын", - дейді Әмірханның анасы.

Әмірханның анасы Халиманың айтуынша, ауданда басқа да проблемалар бар. Мысалы: қаңғыбас иттер.

Баласының арманы жайлы сұраққа Әмірханның анасы туған жерінің проблемаларын шешу үшін ол болашақта басқарушы қызметте болғысы келетінін күлімдеп айтты.

"Ұлым жеке өзі бәрін ретке келтіру үшін қала әкімінің қызметіне дейін жеткісі келеді", - деп мақтана айтты Халима.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro