Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Әкімдіктегілер Алғабастағы қисайған көпқабатты үйдің тұрғындарын сабырға шақырды

16 Тамыз 2016, 18:21
0
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

"Алғабас" ықшамауданындағы тоғыз қабатты үй тұруға жарамды. Бұл туралы Алматы әкімдігінің құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Азамат Рахимов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Үй қисаймаған. Біз келіп, тексеріп тұрамыз. Бұл үйде тұруға болады, ешқандай қауіп жоқ. (...) Осы үй 2015 жылы пайдалануға берілген болатын. Үйді "Дания Констракшн" ЖШС өкілдері салды. Біз осы компанияны сотқа бердік. Үйдің сапасына байланысты бірнеше сұрақ туындап тұр. Тұрғындардың айтуынша, үй қисайып жатыр. Сол үшін қазір біз осы мәселемен айналысып жатырмыз, барлығы бақылауда. Соттың шешімімен "Дания Констракшн" компаниясының өкілдерінен 39 миллион өндіріп алу шешілді", - деді Азамат Рахимов.

Сондай-ақ, оның айтуынша, үйдің құрылысын әлсіз жерде салғаны анықталды. Осыған байланысты Қазақ құрылыс және сәулет-ғылыми зерттеу және жобалау институтының өкілдері ғимаратты бекіту жұмыстарына арнайы кеңестерді дайындайды.

"Сонымен қатар, "Дания Констракшн" компаниясының өкілдеріне осы үйдің сапасына қатысты бірнеше сұрақтар бар. Сондықтан біз бүгіннен бастап осы мәселемен толықтай айналысамыз: жөндеу жұмыстары, санитарлық техникаға қатысты мәселелер, жылу беру. Осы мәселелер 1,5-2 ай ішінде шешіледі. Мұның бәрі бақылауда болады", - деді құрылыс басқармасы басшысының орынбасары. 

Айта кетейік, ғимаратты қайта бекіту жұмыстарымен "Гидроспецстрой" компаниясы айналысады. Олар жұмыстың жоспарын құрып қойған. "Ғимаратты химиялық топырақпен тіреу арқылы бекітеміз. Бұл кірігу деп аталады. Мұнда жердің әлсіз екенін ескере отырып, ендігіде үйдің қисаюына жол бермеу үшін арнайы технологиямен жұмыстар жүргізіледі", - деді компанияның басшысы Владимир Трашин.

Ал тұрғындардың бірі Сәуле Шатырбаева олардың үйі осыдан екі апта бұрын қоршауға алынғанын айтып отыр. Сол кезден бастап үйдің тұрғындары шу көтерген болатын.

"Біз осыдан екі апта бұрын бірінші рет үйіміз қисайған кезде үй қоршауға алынды. Сонда бізге мұнда жұмыстар жүргізілетіндіктен қоршауға алғандарын айтты. Алайда әлі күнге дейін ешқандай да жұмыстар жүргізілген жоқ. Адамдар уайымдай бастады. Ал кеше түнде біз үйдің қисайып жатқанын естіп, барлығымыз далаға шығып кеттік. Қайда барарымызды білмей, барлығын шақырдық. Бізге мұнда өмір сүруге қауіп жоқ деген қорытынды айтамыз деді. Эвакуация болған жоқ. Бізді тыныштандырды. Мен көпбалалы анамын. Бес балам бар. Бұл пәтерді 12-13 жыл бойы күткен едік. Мен балаларымның бұл үйде қалуын қаламаймын. Әрине, бәріміз алаңдаймыз. Мен сегізінші қабатта тұрамын. Сол сегізінші қабаттан қарасам, маған бірінші және екінші қабат мүлде көрінбейді. Бізге келген қонақтар балконнан қарағанда біздің үйдің қисайып тұрғанын айтады", - деді Сәуле.

Дегенмен тұрғындар үйлерін босатуға асығып отырған жоқ. Олардың көбісінің барар жері жоқ. 

Еске салайық, кеше құтқарушылардың Алғабаста тағы бір үй қисайып қалды деген хабарды тексеріп жатқаны хабарланған болатын. ҚР ІІМ ТЖД баспасөз хатшысы Руслан Иманқұловтың айтуынша, үйдің қисайғаны жайлы мәлімет тұрғындардан келіп түскен. "Алғабас-6" ықшамауданы, тоғыз қабатты екі кіреберісі бар тұрғын үй. Үйдің қисайып қалғаны жайлы мәлімет болды. Визуалды түрде үйдің қисайғаны байқалады, алайда оның қаншалықты қисайғанын мамандар анықтайды. Қазір олар оқиға орнына шығып кетті. Бұл мамандар тұрғындарды эвакуациялау бойынша шешім қабылдады", - деді Иманқұлов


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай