12 қаңтар 2018 | 16:27

Әкімдіктегілер Астанадағы боранның салдары жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әкімдігіндегілер елордада болған төтенше жағдайдың салдары жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Астана әкімдігіндегілер елордада болған төтенше жағдайдың салдары жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"26 үйдің шатыры мен қабырғаларынан құрылыс материалдарының құлау дерегі анықталды. Әлеуметтік нысандар бүлінді - білім беру мекемелері. Жалпы қалада төрт мектеп пен үш балабақша ғимараты бүлінді. Сондай-ақ, Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеттің шатыры желден ұшып кетті. Желден көбіне ғимаратардың шатырлары, электр беру құрылғылары, су жүргізетін құрылғылар, шыныпакеттер мен терезелер бүлінді", - деп хабарлады Астана әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева.

Сонымен қатар, ол қалада 131 бағдаршам нысаны мен 16 аялдама кешенінің бүлінгенін хабарлады. Қала әкімдігінің өкілі ауа райының қолайсыздығынан мүліктеріне шығын келтірілген тұрғындарға қандай шараларды қолдану керектігіне тоқталды.

"Алгоритм бойынша әрбір тұрғын бұл туралы аудандық әкімдікке хабарласу керек. Бірақ қазіргі уақытта әкімдікке ешкім хабарласқан жоқ", - деді Астана әкімінің баспасөз хатшысы.

Сондай-ақ, Эльвира Жүргенбаева полицияға жол апатына қатысты 175 хабарламаның келіп түскенін айтты.

Өз кезегінде "112" қызметінің басқарма басшысы Болатбек Амрин қаладағы ауа райының қолайсыздығына байланысты 149 адамның қауіпсіз жерге көшірілгенін хабарлады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети