24 қараша 2020 16:14

Әкімдіктегілер елордадағы Ботаникалық бақта тұрғын үй кешенін салу туралы мәліметке пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан қаласы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Уранхаев ботаникалық бақ аумағында тұрғын үй кешенін салу туралы мәліметке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан қаласы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Уранхаев ботаникалық бақ аумағында тұрғын үй кешенін салу туралы мәліметке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ботаникалық бақтың аумағында ешқандай құрылыс болмайды. Бұл жер баққа тиесілі болғандықтан, ондай жоспар да жоқ.

Бақпен шектесетін көлемі 14,3 гектар жер телімі 31.05.2013 күнгі № 197-897 қаулыға сәйкес, мемлекет қажеті үшін алынған. Оның иесімен жерді босатып беру туралы мәміле жасалды.

Айтылған жер телімі жекеменшікке беріле сала ол туралы мәліметтер жер кадастры жүйесінен алып тасталады. Тағы да қайталаймын: ботаникалық бақта құрылыс жүргізу туралы ешқандай әңгіме жүріп жатқан жоқ", - деп жазды басқарманың баспасөз қызметіндегілер.

Бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары Қабанбай батыр даңғылы мен Орынбор көшесінің қиылысындағы ботаникалық бақ аумағында тұрғын үй кешенін салу жоспарланғаны туралы жазған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети