Астана әкімдігінің өкілдері бюджеттік сала мамандарына берілетін қызметтік тұрғын үй жайлы мәлімдеді. Елордалық әкімдік Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында әкімдік балансында 347 тұрғын үй барын айтты.
Астана әкімдігінің өкілдері бюджеттік сала мамандарына берілетін қызметтік тұрғын үй жайлы мәлімдеді. Елордалық әкімдік Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында әкімдік балансында 347 тұрғын үй барын айтты.
Әкімдік мәліметінше, 2018 жылдың басында медициналық ұйымдардың қызметкерлеріне 77 пәтер, ал білім беру саласының мамандарына 73 пәтер бөлінген. 52 пәтерде жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау қызметкерлері тұрып жатыр екен. 34 пәтерде - дене шынықтыру және спорт салаларының қызметкерлері тұрады.
"Қалған қызметтік тұрғын үйлер басқа салалардың мамандарына бөлінген", - деді Астана әкімдігінің өкілдері.
Ақмола облысы әкімдігінің мәліметінше, өңірдегі қалалар мен аудандардағы ведомстволарда 43 қызметтік пәтер бар екен. Оның 39-ы коммуналдық меншік деп танылды. 4 пәтер 45 миллион теңгеге сатып алынған.
"Бос тұрған қызметтік пәтерлер жоқ, 43 пәтердің 10-ында мемлекеттік қызметкерлер орналасқан, қалған жерлерде бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері тұрады. Көкшетау әкімінің қызметтік пәтері Көкшетауда орналасқан, 2000 жылы облыстың коммуналдық меншігіне қабылданған. Қалдық құны - 189 910, 08 теңге", - деді Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметінің өкілдері
Павлодар облысының әкімдігінде 257 қызметтік пәтер және 54 қызметтік үй бар. 13 пәтер 2018 жылы сатып алынған. Олардың құны сатып алу орнына байланысты өзгереді. Мысалы, Павлодарда әкімдік 7 пәтер сатып алды, оның құны 21 миллионнан 39 миллион 500 мың теңгеге аралығында.
"Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың қызметтік баспанасы жоқ және өз үйінде отбасымен бірге тұрады", - деді әкімдік өкілдері.
2019 жылы облыс әкімдігі тағы 8 пәтер мен үй сатып алуды жоспарлап отыр. Екібастұз қаласында 4 пәтер, Ақтоғай ауданында 2 тұрғын үй, Павлодар қаласында 2 тұрғын үй.
Ақтау қаласы әкімдігінің теңгерімінде 650 пәтер бар. Қазіргі уақытта оларда отбасылары бар мемлекеттік қызметкерлер тұрады, бос тұрған үй жоқ. Қала әкімі Ғалымжан Ниязовқа тұрғын үй сатып алынбаған және бөлінбеген.
"Аталған пәтерлер мемлекеттік қызметкерлерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге және халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына кезек тәртібімен беріледі. Әкімге пәтер қызметтік мәртебесі берілмеген және бөл қарастырылмаған.", - деді Ақтау қалалық әкімдігінің өкілдері.
2018 жылы Ақтаудың мемлекеттік қызметкерлері жалпы сомасы 35 131 970, 58 теңгеге 4 қызметтік пәтерді жекешелендіргені белгілі болды.
"2019 жылы тұрғын үй қорына қосымша пәтерлер сатып алу жоспарланбаған", - делінген хабарламада.