Әкімнің орынбасары Берденовке жасалған қастандық: іс сотқа түсті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әкімнің орынбасары Берденовке жасалған қастандық: іс сотқа түсті

Шымкент сотына әкімнің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі келіп түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шымкент сотына әкімнің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі келіп түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дау тудырған бұл іс бойынша алдын ала тыңдау 2025 жылғы 28 шілдеде сағат 10:00-ге белгіленген.

"Шымкент қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабы 1-бөлігі бойынша Ж.-ға қатысты қылмыстық іс келіп түсті", – деп мәлімдеді Шымкент сотының баспасөз қызметі.

Берденовке жасалған шабуыл

Еске салайық, 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимараты маңында атыс болды. Салдарынан Руслан Берденов жарақат алды.

Полиция мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 482.33   552.93   5.68 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети