Әкімнің орынбасары Берденовке жасалған қастандық: тың дерек шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әкімнің орынбасары Берденовке жасалған қастандық: тың дерек шықты Руслан Берденов. Фото: t.me/mazhilis_kz

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуылға қатысты жаңа деректер шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуылға қатысты жаңа деректер шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz сауалына берген жауабында Шымкент әкімдігі шабуыл болған күні Руслан Берденов жиналыстар өткізгенін хабарлады.

Әкімдік мәліметінше, 21 сәуір Руслан Берденов үшін қалыпты жұмыс күні болған. Күндіз ол әкімдіктің аппараттық отырысына, сондай-ақ, өнеркәсіп және құрылыс вице-министрінің төрағалығымен онлайн форматта өткен жиналысқа қатысқан. Жұмыс барысында қала әкімінің орынбасары Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты басқарма басшыларымен бірнеше жиналыс өткізген.

Әкімдік өкілдері Берденов сол күні шабуыл жасаған адаммен кездескен-кездеспегенін нақтыламаған.

"Оқиғаға дейін бірнеше күн бұрын Руслан Берденов жұмыс жоспары бойынша қаладағы құрылыс нысандарын аралап, азаматтарды жеке қабылдап, жұмыс комиссиясымен бірге құрылыс инфрақұрылымын дамыту бойынша бірнеше кездесу өткізді", - деді әкімдіктегілер.

Берденовке жасалған шабуыл

Еске салайық, 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимараты маңында атыс болды. Салдарынан Руслан Берденов жарақат алды.

Полиция мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Кейінірек Руслан Берденовтің жағдайы белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети