Петропавлда cу астында қалған үйлер.
27-28 сәуірде Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқыны болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.
27-28 сәуірде Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқыны болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.
"Таяуда 27-28 сәуірде Есіл өзеніндегі су деңгейі көтеріліп, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқыны болуы мүмкін", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 25 сәуірде Петропавлда бір түнде 122 үйді су басқан болатын. Судың деңгейі соңғы 23 жылдағы көрсеткіштен асқан.