Ақмола облысы коронавирус бойынша "қызыл" аймаққа кірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысы коронавирус бойынша "қызыл" аймаққа кірді Фото: Тұрар Қазанғапов

Ақмола облысы коронавирус жағдайына байланысты "қызыл" аймаққа кірді. Ақпаратты ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіндегілер растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақмола облысы коронавирус жағдайына байланысты "қызыл" аймаққа кірді. Ақпаратты ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіндегілер растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қызыл" аймаққа Шығыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Павлодар, Қостанай және Ақмола облысы кірді. Бірақ бұл бүгінгі жағдай, ертең бәрі басқаша өзгеруі мүмкін", - деді комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Оның айтуынша, "сары" аймаққа Батыс Қазақстан облысы мен Нүр-Сұлтан қаласы кіреді. Қалған өңірлер "жасыл" аймақта тұр.

22 қараша сағат 23.59-дағы жағдай бойынша Ақмола облысында тәулігіне коронавирус жұқтырған 61 жағдай тіркелді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.24  course down  586.74  course down  6.5  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети