Ақмола облысында 7 адам боран кезінде жолда қалып қойған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында 7 адам боран кезінде жолда қалып қойған Фото: pixabay

Ақмола облысында ТЖМ қызметкерлері 7 адамды эвакуациялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында ТЖМ қызметкерлері 7 адамды эвакуациялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін таңертең Бурабай кентінде қатты боран салдарынан 7 адам болған жеңіл автокөлік жол шетіне сырғып, өздігінен шыға алмаған.

ТЖМ қызметкерлері құтқарылғандарды Щучинск қаласының жылыту пунктіне эвакуациялады. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады.

"Жолдың шетіне көлікпен сырғып кеттік. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз, ауа-райының қолайсыздығынан алыс жолдарға шықпауға тырысыңыз. Бізде жағдай жақсы, рақмет сіздерге", - делінген хабарламада.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети