Ақмола облысында әкімінің орынбасары мен аппарат басшы төбелесіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында әкімінің орынбасары мен аппарат басшы төбелесіп қалды Midjourney

Аудан әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары мен аппарат басшысының арасында төбелес болды. Екі тарап та әкімшілік сотқа бір-бірінің үстінен арыз түсірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аудан әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары мен аппарат басшысының арасында төбелес болды. Екі тарап та әкімшілік сотқа бір-бірінің үстінен арыз түсірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

Ақмола облысы Шортанды аудандық сотында аудан әкімінің орынбасары және аппарат басшысы бір-біріне қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды.

"2024 жылдың мамырында А. мен Б. әкімдік ғимаратында жұмыс орнында бола тұра, жанжал тудырып, арты өзара төбелеске ұласты. Сарапшының қорытындысына сәйкес, олар бір-біріне жеңіл зиян келтірген. Сотта екеуіде өз кінәсін мойындаған жоқ", - делінген хабарламада.

Сот қаулысы бойынша, аудан әкімінің орынбасары және аппарат басшысы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабы 1-тармағы бойынша (құқық бұзушылық жасалған сәттегі редакциясында) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және олардың әрқайсына 55 380 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Сот қаулылары заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети