Ақмола облысында алты жасар бала бес күннен бері іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында алты жасар бала бес күннен бері іздестіріліп жатыр Фото: Ақмола облысы ПД

Ақмола облысында полицейлер мен еріктілер жоғалған алты жасар баланы іздеп жатыр. Бала 30 сәуірде үйден шығып кеткен, әлі күнге дейін қайда екені белгісіз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында полицейлер мен еріктілер жоғалған алты жасар баланы іздеп жатыр. Бала 30 сәуірде үйден шығып кеткен, әлі күнге дейін қайда екені белгісіз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, алты жасар бала жоғалғаны туралы арыз Қорғалжын ауданының полиция бөліміне 30 сәуірде түскен. Баланың анасы оның үйден сағат 19.00 шамасында шыққанын, содан оралмағанын айтқан.

"Алдын ала ақпаратқа сәйкес жоғалып кеткен күні баланы Нұра өзені маңында байқаған, осыдан кейін оның қайда екені белгісіз", - деді полиция.

Баланы іздеуге полицейлер, құтқарушылар, еріктілер және бей-жай қарамайтын жергілікті тұрғындар жұмылдырылған.

Баланың дене бітімі: арықтау келген, қара шашты, қоңыр көзді. Жоғалған күні ол қызғылт сары жемпір, қара шалбар және қоңыр кроссовка киген.

"Жандәулеттің қайда екені туралы қандай да бір ақпарат болған жағдайда 102 нөмірі бойынша дереу хабарлауды немесе жақын маңдағы полиция бөліміне хабарласуды сұраймыз", - деді Ақмола облысы ПД өкілдері.

Баланы іздеу жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети