14 қыркүйек 2022 | 08:59

Ақмола облысында алтын өндіретін жасырын цех табылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысының Бестөбе кентінде алтын өндіретін жасырын цех табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ақмола облысының Бестөбе кентінде алтын өндіретін жасырын цех табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, 33 жастағы күдікті қондырғыларды қолдан жасап, қорасында алтын шайған. Құрамында алтыны бар тасты уату үшін үгіндіні жуып, алтын шыққанша өңдейтін бұл қондырғылар қолдан құрастырылған. Ал құрамында бағалы металл бар кенді қайдан алғаны белгісіз. Заңсыз кәсіппен қашаннан бері айналысқаны да анықталып жатыр. 

Бұл оқиға полиция жүргізген рейд кезінде әшкере болды. Айғақты зат ретінде барлық құрал-жабдықтар, оның ішінде үш ұсақтағыш және екі арнайы жуу үстелі тәркіленді. Полицейлер алдағы уақытта цех та тәркіленетінін жоққа шығармайды.

"Аталмыш дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 295-бабының 1-бөлігі "Бағалы металдардың заңсыз айналымы" бойынша соталды тергеу басталды", - деді баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети