ПОДЕЛИТЬСЯ
18 ақпан 2021 | 17:30
Ақмола облысында ауа райына байланысты жолдар жабылды
Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты алты бағыт бойынша қозғалыс шектелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2021 жылдың 18 ақпанында сағат 15.40-та Ақмола облысында ауа райы нашарлауына (қар, бұрқасын) байланысты көліктің барлық түріне қозғалыс шектелді", - делінген хабарламада.
Шектеу енгізілген бағыттар:
- Нұр-Сұлтан-Петропавл - 231-ден 341-ші шақырымға дейін, Щучинск учаскесі - СҚО шекарасында;
- Мамлютка-Қостанай - 0-240 шақырымға дейін, Макинск - Торғай учаскесі;
- Көкшетау-Омбы - 2-ден 50 шақырмға дейін, Көкшетау мен СҚО шекарасы учаскесі;
- Көкшетау-Рузаевка - 61 шақырмға дейін, Көкшетау - СҚО учаскесі;
- Көкшетау айналма жолы - 0-ден 18 шақырмға дейін;
- Щучинск-Зеренді - 0-ден 80-ші шақырмға дейін, Щучинск - Зеренді учаскесі.
Жолдардың жабылуы туралы өзекті ақпаратты мына сілтеме арқылы табуға болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также