18 ақпан 2021 17:30

Ақмола облысында ауа райына байланысты жолдар жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты алты бағыт бойынша қозғалыс шектелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты алты бағыт бойынша қозғалыс шектелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2021 жылдың 18 ақпанында сағат 15.40-та Ақмола облысында ауа райы нашарлауына (қар, бұрқасын) байланысты көліктің барлық түріне қозғалыс шектелді", - делінген хабарламада.

Шектеу енгізілген бағыттар:

  • Нұр-Сұлтан-Петропавл - 231-ден 341-ші шақырымға дейін, Щучинск учаскесі - СҚО шекарасында;
  • Мамлютка-Қостанай - 0-240 шақырымға дейін, Макинск - Торғай учаскесі;
  • Көкшетау-Омбы - 2-ден 50 шақырмға дейін, Көкшетау мен СҚО шекарасы учаскесі;
  • Көкшетау-Рузаевка - 61 шақырмға дейін, Көкшетау - СҚО учаскесі;
  • Көкшетау айналма жолы - 0-ден 18 шақырмға дейін;
  • Щучинск-Зеренді - 0-ден 80-ші шақырмға дейін, Щучинск - Зеренді учаскесі.

Жолдардың жабылуы туралы өзекті ақпаратты мына сілтеме арқылы табуға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети