Ақмола облысында қолайсыз ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақавтожол" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақмола облысында қолайсыз ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақавтожол" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ауа райының қолайсыздығына байланысты (боран, көріну мүмкіндігінің нашарлауы) "Екатеринбург - Алматы" (856-917 шақырым), СҚО шекарасынан Жақсы ауылына дейінгі учаскеде автокөліктің барлық түрі үшін 7 желтоқсан күні сағат 19.30-да енгізілген шектеу бүгін, 8 желтоқсанда сақталады", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның екі облысында дауылға байланысты ескерту жарияланған болатын. Синоптиктер БҚО және Ақмола облыстарында бұрқасын мен көктайғақтың болатынын ескертті.