Ақмола облысында бір апта бұрын із-түссіз жоғалып кеткен әйел іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында бір апта бұрын із-түссіз жоғалып кеткен әйел іздестіріліп жатыр ©️ instagram/sinegor.kz

Ақмола облысында бір апта бұрын із-түссіз жоғалып кеткен әйел іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі sinegor.kz мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында бір апта бұрын із-түссіз жоғалып кеткен әйел іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі sinegor.kz мәліметіне сілтеме жасап.

17 маусымда полицияға Талапкер ауылының 59 жастағы тұрғынынан 1979 жылы туған Досанова Гүлнұр Ерназарқызын іздеуге жәрдемдесу туралы өтініш келіп түсті, ол 12 маусымда сағат 13:30 шамасында үйден шығып, осы уақытқа дейін оралмаған.

Бірнеше күн бойы туыстары өз бетімен іздеген. Сондай-ақ, әйел бұған дейін үйінен бірнеше рет кетіп қалған, бірақ кейін оралған. Іздеу әрекеттері сәтсіз болған соң туыстары полицияға хабарласуға мәжбүр болған.

Әйелдің белгілері: бойы – 160-165 сантиметр, дене бітімі арық, шашы иығына дейін, қара түсті, ерекше белгілері жоқ. Ол қара шалбар, ақ және көк жолақтары бар көк спорттық костюм және ақ аяқкиім киген.

Астана мен көршілес облыстардың ДП-на бағыт-бағдар жолданды. Полиция қызметкерлері мен жоғалған әйелдің туыстары арасынан арнайы іздестіру топтары құрылды.

Полицейлер қазірдің өзінде такси және маршруттық автобус жүргізушілерінен, сондай-ақ теміржол және автовокзал қызметкерлерінен сұрастырған. Қазіргі уақытта әйелді жоғалған күні көруі мүмкін адамдар анықталды. Іздеу жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети