Ақмола облысында бір ай бұрын жоғалып кеткен шетелдік табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында бір ай бұрын жоғалып кеткен шетелдік табылды Instagram

Ақмола облысында жоғалып кеткен Өзбекстан азаматы табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында жоғалып кеткен Өзбекстан азаматы табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция Өзбекстан Республикасының хабар-ошарсыз кеткен азаматы Рахманқұлов Құлмаханбет Абдухалилұлын іздестіріп, тапты. Ер адамды бір ай бойы полиция қызметкерлері мен еріктілер іздеді.

Рахманқұловтың хабар-ошарсыз жоғалып кеткені туралы арыз 22 қаңтарда Біржан сал ауданының полиция бөліміне түскен. Туыстарының айтуынша, 52 жастағы ер адам Краснофлотское ауылының шаруа қожалығында жұмыс істеген.

Іздеу шаралары ауа райының қолайсыздығына қарамастан тоқтаған жоқ. Жоғалған кісі 24 ақпанда Степногорск қаласына жақын орналасқан Қарабұлақ ауылында табылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети