Ақмола облысында бұршақ жауды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр

Ақмола облысында бұршақ жауды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында бұршақ жауды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұршақ 4 шілдеде Атбасар қаласының аумағына жауды. Қазгидромет мәліметінше, өлшемі 5 миллиметр болған.

Әлеуметтік желілердегі кадрлардан жол аппақ бұршақ екенін көруге болады. Адамдар жаз ортасындағы мұндай құбылысқа таңғалып жатыр. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ASTANA / НОВОСТИ / АСТАНА (@astanovka98)

Ақмола облысының ТЖД мәліметінше, бұршақ бірден еріп кетті. Қазір жол учаскесінде жауын-шашын жоқ. 

"Кеше Покровка ауылының маңындағы Көкшетау-Атбасар тасжолында ұсақ бұршақ жауды (қар емес). Одан кейін жаңбыр басталды. Бүгін жолдың осы бөлігінде күн ашық, жауын-шашын байқалмайды. Бұршақ жауған уақытында төтенше жағдайлар тіркелген жоқ", - деп хабарлады облыстық ТЖД өкілі Tengrinews.kz тілшісіне.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети