24 қазан 2016 | 10:32

Ақмола облысында жастармен жұмыс істеуді ұйымдастыру үшін бюджеттен 130 миллион теңге бөлінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Strategy2050.kz © Strategy2050.kz

Ақмола облысында жастармен жұмыс істеуді ұйымдастыру үшін бюджеттен 130 миллион теңге бөлінді, - деп хабарлайды Tenginews.kz тілшісі Стратегия 2050 сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы жастар саясаты жөніндегі басқарма жетекшісі Ринат Галямов өңірлік коммуникация қызметі барысында хабарлады. Өз сөзінде спикер Ақмола облысында  2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы  аясында жастар саясатының жүзеге асуы туралы айтып өтті.

Иконка комментария блок соц сети

Ол атап өткендей, өңірде жастарды жұмыспен қамту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы аясында  тұрақты жұмыс орындарына 47 жас маман, 497 адам  "Жастар тәжірибесі" бағдарламасы бойынша уақытша жұмысқа бағытталды. 210 адам әлеуметтік жұмыс орнына орнықты. "Дипломмен ауылға" бағдарламасының қатысушысы  болып 273 адам атанды", - деді Ринат Галямов.

Спикер атап өткендей, 2011 жылдан бастап жастарды ынталандыру мақсатында облыс әкімінің атаулы стипендиясы тағайындалды. 2015-2016 жылдары стипендиаттардың саны  226 адамды құрады, олар елдің 11 оқу орнында білім алуда.

"Жалпыұлттық мағынадағы негізгі саяси шара Тәуелсіздіктің  25 жылдығын тойлау болып есептеледі. Осыған  орай, облыста жастардың қатысуымен ауқымды шаралар өткізілді, бұл: "Үш Би", республикалық дебаттық турнирі, облыстық жастар форумы, асық ату чемпионаты, атыс және өзге шаралар", - деді спикер.

Оның айтуынша, жыл басынан бері жастар ұйымымен бірігіп 83 мың жасты қамтитын  900  шара ұйымдастырылған.

Айта кетейік, Ақмола облысында 160 мың жас қазақстандық шоғырланған, ол өңірдің 22 пайызын құрайды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети