Ақмола облысында жетінші баласына жүкті 34 жастағы әйел көз жұмды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында жетінші баласына жүкті 34 жастағы әйел көз жұмды Фото:depositphotos.com

Ақмола облысының Бестөбе кентінде жетінші баласына жүкті 34 жастағы алты баланың анасы жедел-жәрдем келгенге дейін қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі sinegor.kz-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысының Бестөбе кентінде жетінші баласына жүкті 34 жастағы алты баланың анасы жедел-жәрдем келгенге дейін қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі sinegor.kz-ға сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 18 қазан күні кешке болды. Әйел отбасымен үйде болған, бір уақытта өзін нашар сезініп, шаршағанын айтып, жатып демалуға шешім қабылдайды. Кейін туыстары оны өлі күйінде тапты. Ол жүктіліктің 34-аптасында болды.

Жедел жәрдем дәрігерлері ақмолалық әйелдің олар келгенге дейін қайтыс болғанын растады. Өлімнің алдын ала себебі - жедел жүрек жеткіліксіздігі. Зорлық-зомбылықтың іздері табылған жоқ.

Полиция Бестөбе тұрғынының қайтыс болу дерегі бойынша соталды тергеу басталғанын, сараптамалар мен тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Қылмыстық кодекстің бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети