Ақмола облысында жолда қалған 10 адам құтқарылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында жолда қалған 10 адам құтқарылды

Қатты аяз салдарынан Ақмола облысындағы жолдарда апаттар мен көліктердің бұзылуы жиілеп кетті. Кешенің өзінде жол қызметкерлері тасжолда қалған он адамды, оның ішінде екі баланы құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол"-ға сілтеме жасап.

Кешкі сағат 21:00 шамасында жол қызметкерлері екі кішкентай баласы бар отбасыға көмектесті. Көліктегі жанармай қатып қалғандықтан, олар діттеген жеріне жете алмай қалған. Жолаушылар отбасын тұрғылықты жеріне жеткізуге көмектесіп, "ГАЗель" көлігін Астана айналма жолының 70-шақырымынан Қосшы қаласына дейін сүйреп апарған.

Сондай-ақ, шағын автобус жолаушыларына да көмек көрсетілген. Оның жолаушылары республикалық маңызы бар Көкшетау-Атбасар тасжолының 150-шақырымында тұрып қалған, оны қызметкерлер Атбасарға сүйреп апарды.

Ақмолалық жол қызметкерлері сол күні кешке Екатеринбург-Алматы тасжолының 1010-шақырымында тұрып қалған істен шыққан жүк көлігінің жүргізушісін жылу пунктіне жеткізді.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда жүргізушілер мен жолаушыларға "ҚазАвтоЖол" call-орталығына тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 қысқа нөмірі арқылы хабарласу ұсынылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети