Ақмола облысында жүргізуші терезесін қараңғылағаны үшін ұсталып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында жүргізуші терезесін қараңғылағаны үшін ұсталып қалды Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Полиция жүргізушіні екі рет жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілетем жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция жүргізушіні екі рет жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілетем жасап.

Астана – Қорғалжын автожолының 15-шақырымында патрульдік полиция қызметкерлері Lada автокөлігін тоқтатты. Тәртіп сақшылары көліктің терезелері күңгірттелгеніне күмәнданып, тексеру жүргізді.

"Полицейлердің күдігі расталды – бұл көлікке терезесін күңгірттеуге заңмен мүлде тыйым салынған. Құжаттарды тексеру барысында жүргізушінің көлік басқаруға ешқашан құқығы болмағаны анықталды. Ол көлікті жақында ғана сатып алғанын, ал терезелердегі күңгірт қабаттың ережеге қайшы екенін білмегенін айтты", - делінген хабарламада.

Алайда полиция қызметкерлері заң талаптарына сәйкес жүргізушіге екі әкімшілік хаттама толтырды:

  • ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі бойынша – көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін;
  • ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 2-бөлігі бойынша – жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарғаны үшін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети