Күшті желге байланысты Ақмола облысында ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.
Күшті желге байланысты Ақмола облысында ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.
"10 наурыз күні күндіз, 11 наурыз күні түнде Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 15-20 метрге дейін, кей жерлерде екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді", - делінген ескерту хабарламада.
Метеорологтардың мәліметінше, 10 наурыз күні Қазақстанның басқа да өңірлерінде жел күшейіп, жауын-шашын болады. Тұман түседі, көктайғақ болады. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында түнде және күндіз секундына 15-20 метрге дейін, кей жерлерде 25 метрге дейін жететін жел соғады, жекелеген аудандарда боран болады, Ақмола облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Алматы облыстарының кей жерлерінде жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Маңғыстау, Атырау облыстарында тұман түседі. Қарағанды, Ақтөбе облыстарында секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Қарағанды облысының кей аудандарында көктайғақ болады. Батыс Қазақстан, Қостанай, облыстарында да тұман түсіп, күшті жел соғады. Павлодар облысында күндіз боран соғып, көктайғақ болады, желдің екпіні секундына 17-22 метрге дейін күшейеді.