Ақмола облысында казино заңгері прокуратура қызметкеріне пара бергені үшін сотталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында казино заңгері прокуратура қызметкеріне пара бергені үшін сотталды Фото:elements.envato.com

Казино заңгері коррупция дерегіне байланысты сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Казино заңгері коррупция дерегіне байланысты сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2 мамырда Бурабай аудандық соты үкімімен казино заңгері айтарлықтай мөлшерде пара бергені үшін сотталып, жиырма есе мөлшерде айыппұл арқалады. Айыппұл сомасы 184,5 миллион теңге болады.

"Ол прокуратура қызметкеріне казиноның қаржылық қызметін тексеру нәтижелерін оң шешкені үшін 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара бергені үшін кінәлі деп танылды", - делінген хабарламада.

Сотталған адам мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети