13 сәуір 2020 14:34

Ақмола облысында коронавирустан бір науқас көз жұмды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында коронавирустан бір науқас көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Coronavirus2020.kz cайтына сілтеме жасап.


Ақмола облысында коронавирустан бір науқас көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Coronavirus2020.kz cайтына сілтеме жасап.

Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы өкілі қайтыс болған адам туралы ақпарат берді. 

"Бұл 1936 жылғы ер адам. Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қамқорлығында болған. 5 сәуірден бастап Көкшетау темір жол ауруханасының провизорлық стационарында карантинде болған.

9 сәуірде Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерге емдеуге жатқызылды. Жағдайы өте ауыр, ИВЛ аппаратында болды.

Диагноз: ауыр дәрежедегі екі жақты жаппай пневмония, вирустық этиологияның жіті ағымы", - делінген хабарламада.

Қосымша аурулары: артериялық гипертензия, СОӨА, жүректің ишемиялық ауруы.

Ал Қазақстан бойынша жазылғандар саны 110-ға жетті.

Нұр-Сұлтан қаласында 5 адам, Атырау облысында 3 адам, Қызылорда облысында 1 адам, Маңғыстау облысында 1 адам аурудан айықты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети