25 мамыр 2015 06:57

Ақмола облысында қырылған киіктердің саны 2 мыңға жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Mgov.kz ©Mgov.kz

Ақмола облысында қырылған киіктердің саны 2 мыңға жетті, - деп хабарлайды 24 KZ облыстағы Жақсы ауданының әкімдігіне сілтеме жасап.


Ақмола облысында қырылған киіктердің саны 2 мыңға жетті, - деп хабарлайды 24 KZ облыстағы Жақсы ауданының әкімдігіне сілтеме жасап.

Осыған дейін Жарқайың мен Жақсы аудандарының шекарасында киіктердің жаппай қырылып жатқаны хабарланған болатын. Мыңға жуық өлі жануар табылған еді. 24 мамырдағы мәлімет бойынша, өлген жануарлар саны шамамен екі мыңға жетті, бірақ бұл цифр әлі де өзгеруі мүмкін. Ауданда карантин жарияланды, бірақ 30-40 шақырым қашықтықта елді мекен жоқ. Үй жануарларының өлімі туралы дерек жоқ. Оқиға орнында барлық қызметтер жұмыс істеп жатыр. 1200 малдың еті утилизацияланды. Шамамен 40 адам және 5 дана техника жұмыс істеп жатыр.

Еске сала кетейік, киіктердің қырылғаны жайлы ақпар 11 мамырдан бастап тарады. Қазақстанда қырылған киіктердің саны 90 мыңға жетті - елдегі Қызыл кітапқа енген жануарлардың үштен бір бөлігі. Осы күнге дейін 80 мың өлі киік табылған Қостанай облысынан кейін Ақтөбе және Ақмола облысында да қырылу дерегі анықталды. 

Бұған дейін ветеринария жөніндегі Ұлттық референт Орталығының өкілдері киіктердің неден өліп жатқанын мәлімдеген болатын. Ғалымдардың мәліметінше, оның себебі - пастереллез. Қазақстандық ветеринарларға Ұлыбританияның және Германияның мамандары көмек қолын созу үшін келіп жетті. Ресейдің жетекші мамандары келеді деп күтіліп отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети