20 қазан 2023 | 10:19

Ақмола облысында шахталарға заңсыз кіріп, алтын іздеген 3 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Кейінгі екі жылда алтын өндіретін кеніштерге заңсыз кіргені үшін соталды 8 тергеп-тексеру басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Кейінгі екі жылда алтын өндіретін кеніштерге заңсыз кіргені үшін соталды 8 тергеп-тексеру басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Степногорск өңірінің аумағында "Алтыналмас" компаниялар тобына жататын алтын өндіретін кеніштер орналасқан.

Заңда көзделген жауапкершілікке қарамастан, Степногорск аймағының аумағында жерасты шахталарына заңсыз кірудің көп дерегі байқалады.

Кейінгі 5 жылда шахталарға заңсыз кіргені үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 506-бабы бойынша 4 295 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде қайталап - 480 адам, 3 реттен артық - 100-ден аса адам тартылды.

Сонымен қатар, 2023 жылда шахталарда 3 заңсыз іздеушілер қаза тапты.

Мысалы, биыл бұрын осындай құқықбұзушылық жасаған заңсыз ізденуші жарылыс әсерінен қаза тапқан.

Сондай-ақ, кейінгі 2 жыл ішінде күзетілетін объектіге заңсыз кіру бойынша 8 соталды тергеп-тексеру басталған.

Қауіпті өндірістік объектіге заңсыз кіру Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 506-бабы бойынша әкімшілік, сондай-ақ, ҚР Қылмыстық кодексінің 269-1-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкелетінің және бұл баптың санкциясы жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделгенін ескертеміз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети