04 қыркүйек 2023 18:35

Ақмола облысында сотталғанға ​​азаптау әдісі қолданылған. Тергеу басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрлары Видео кадрлары

Желіде Ақмола облысындағы мекемелердің бірінде сотталғандарға күш пен арнайы құралдар қолданылғаны туралы видео тарады. Бұл оқиғадан кейін Ақмола облысының прокуратурасы соталды тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде Ақмола облысындағы мекемелердің бірінде сотталғандарға күш пен арнайы құралдар қолданылғаны туралы видео тарады. Бұл оқиғадан кейін Ақмола облысының прокуратурасы соталды тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеолардың бірінде полиция киімін киген бірнеше адам ер адамды ұстап алып, бетін төмен қаратып еденге жатқызғаны, кейін олардың бірі резеңке таяқпен бар күшімен құйрығынан бірнеше рет ұрғаны көрінеді. Видеода сотталушы "ағасының кеңесімен" мекемедегі дәретхананы тазалаудан бас тартқаны айтылады.

"3 қыркүйекте әлеуметтік желілерде Атбасар ауданындағы №1 түзеу мекемесі қызметкерлерінің сотталғандарға күш қолданғаны туралы видео жарияланған.

"Бұл дерек бойынша Ақмола облысының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 146-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы "Қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас, азаптаулар" бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады", - деп хабарлады прокуратура.

Сол күні прокуратура өкілдері бірінші кезектегі жедел-іздестіру шараларын жүргізу үшін мекемеге барды.

Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу нәтижесі кейінірек белгілі болады.

Еске салайық, бұған дейін Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) өкілдері Желіде пайда болған экс-генерал Серік Күдебаевтың бас бостандығынан айыру орындарында түсірілген суретіне қатысты пікір білдірген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети