Ақмола облысындағы Заречный ауылында түлек өз мектебіне жаңа қазандықты сыйға тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" сайтына сілтеме жасап.
Ақмола облысындағы Заречный ауылында түлек өз мектебіне жаңа қазандықты сыйға тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" сайтына сілтеме жасап.
Блок-модульді қазандық 2 аптаның ішінде салынған. Экологиялық су жаңа құрылғының орнатылуына 14 миллион теңге кеткен. Қазандық түгелдей лас ауаны сүзгіден өткізіп отырады. Сондықтан атмосфераға зиянды қалдық мейлінше аз болады екен.
Біздің түлек мектепке қазандықты "Туған жер" бағдарламасы бойынша тарту етіп, орнатты. Бұл сыйлыққа қатты қуанып қалдық, себебі оқушымыз ауылына деген патриотттық сезімін білдіріп, мектептің қамын ойлаған. Мектебін, туып өскен ауылын ұмытпағаны қатты қуантты", - дейді Зареченский орта мектебінің директоры Екатерина Сапарова.