11 сәуір 2019 | 11:00

Ақмола облысында үйін су басқан ерлі-зайыпты зейнеткер подъезд жағалап жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Елорда іргесіндегі Лесозавод тұрғын алабында қос қария көпқабатты үйлердің подъездерінде түнеп жүр. Өйткені баспаналарын су басып, ол жерде тұру мүмкін болмай қалған. Осы уақытқа дейін жалғызбасты қарт кісілер мұңдарын айтып, тоздырмаған табалдырығы қалмапты. Әзірше селк еткен ешкім болмады деп отыр. Алатын мардымсыз зейнетақысы үйлеріне күнделікті жиналатын суды сорғызуға кететін көрінеді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.  


Иконка комментария блок соц сети

Елорда іргесіндегі Лесозавод тұрғын алабында қос қария көпқабатты үйлердің подъездерінде түнеп жүр. Өйткені баспаналарын су басып, ол жерде тұру мүмкін болмай қалған. Осы уақытқа дейін жалғызбасты қарт кісілер мұңдарын айтып, тоздырмаған табалдырығы қалмапты. Әзірше селк еткен ешкім болмады деп отыр. Алатын мардымсыз зейнетақысы үйлеріне күнделікті жиналатын суды сорғызуға кететін көрінеді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.  

"Сексеннің сеңгіріне шыққан Василий ақсақалдың үйінің жертөлесін көктем шықса болды қар суы басып қалады. Осы жағдаймен ақсақал оншақты жылдан бері күресіп келеді. Ал, қазір далада күн жылы болғанымен, мына 4 бөлмелі баспанада тұру мүмкін емес", - дейді телеарна тілшісі.            

Мұнда бірінші рет бас сұққан адам бұл жерді металл қабылдайтын орын деп қалуы мүмкін екен.

"Алдын қар ерісе де, жаңбыр жауса да су тартылып кететін. Міне, соңғы уақытта үйіме кіретін болды. Қараңыздар, жер төлем толған су, күнімен осыны сорғызумен әлекке түсемін. Үй дымқыл тартып кеткен, әне-міне құлауы мүмкін", - дейді Василий Татауров.

Ерлі-зайыпты зейнеткер жарты ғасырға жуық отасқан, әлде де бірге тұрып келеді. Бір қызы да бар екен. Алайда жалғыз перзенті қарамай кеткен. Телеарнадағылардың айтуынша, қарттардың тіпті ішерге асы да қалмаған. Үстелде тек жарамдылық мерзімі өтіп кеткен бір-екі азық-түлік бар. Көңілдері босаған қариялар тойып тамақ ішпегелі де біраз уақыт болғанын айтып қалды. Соңғы уақытта өңменінен өтіп кеткен суыққа шыдамаған зейнеткерлер жауаптылардан бір жәрдем болса дейді. 

"Үйді су басты, суық. Тұратын жеріміз жоқ. Далада қонып жүрміз", - дейді қала тұрғыны Роза Мельченко. 

"Мұнда түнеп жүргенімізге 5 айдан асты. Үйдегі қазандық жанып кетті, жылыту мүмкін болмаған соң, осында келдік. Жұртты мазаламай үшін, түннің ортасында келеміз. Жылынып, ұйықтап, таңертең ерте кетіп қаламыз", - дейді Василий. 

Мәселемен жақсы таныс Байқоңыр ауданы әкіміндегілер болса қазір аумақта Василий қарт секілді үйлерін су басқан 30-ға жуық отбасы барын айтады. Олардың барлығына тиісті көмектер көрсетілетін болады деп сендірді.

"Су алып жатқандығынан хабардармыз. Үй ескі, өздеріңіз білетіндей Өндіріс алабындағы көп үйлер жолдан төмен орналасқан. Сол себептен қазіргі мынау қыс уақытынан кейін көктемгі кездерде қар еріген кезде үйлерді су алып жатады. Біз өз жағымыздан барлық көмекті көрсеттік. Суды шығарудан, құрғатып отырамыз. Бізде ондай үйлер бар 30-шақты", - деді Байқоңыр ауданы әкімі аппаратының инфрақұрылым бөлімінің бас маманы Дархан Сейітханов.

Алайда, телеарнадағылардың мәліметінше, көмек қашан көрсетілетіні нақты белгісіз.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети