Ақмола облысында іздестіріліп жатқан лаңкестер Сирияға кетіп қалды - прокуратура

28 Шілде 2016, 16:49
0
Ақмола облысында іздестіріліп жатқан лаңкестер Сирияға кетіп қалды - прокуратура - © oachinese.com
© oachinese.com

Ақмола облыстық прокуратурасының өкілдері іздестіріліп жатқан лаңкестердің аты-жөндерін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Жыл басынан бері қарулы қақтығыстарға қатысумен байланысы бар лаңкестік қылмыстарды жасаған төрт қылмыскерге халықаралық іздеу жарияланды. Олар Маратұлы А., Нұрғалиев О.Д., Курашов А.Д., Куланов С.К.", - деп хабарлады облыстық прокуратурадағылар. 

Прокуратура органдарының мәліметінше Маратұлы Сирия Араб Республикасы территориясына кетіп қалды және ерікті түрде лаңкестік ұйымның қатарына кірген, оның тарапында үкіметтік әскерге қарсы қарулы әрекеттерге белсенді түрде қатысқан.

Қарулы қақтығысқа қатысу мақсатында дәл осылай Сирия территориясына Нұрғалиев, Курашов және Куланов та кетіп қалған. 

"Бұл адамдарға қатысты облыстық ҰҚКД прокуратура органдарының қадағалауымен ҚР Қылмыстық кодексінің 172-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады, оның аясында бұл адамдарға іздеу жарияланды", - деп атап өтті поркуратура өкілдері. 

Еске салайық, Ақмола облысында террористік әрекет жасады делінген төрт күдіктінің іздестіріліп жатқаны хабарланған болатын. Прокуратурадағылардың айтуынша, террористік ұйымдар өздерін қолдайтын адамдардың санын көбейту үшін үнемі жұмыс істейді. Бейбіт тұрғындарды террористік актілерді жасауға тартады. "Ақмола облысының өзінде төрт қылмыскер террористік әрекет жасағаны үшін іздестіріліп жатыр", - делінген хабарламада.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай