31 наурыз 2019 | 16:09

Ақмола облысындағы бөгетті су жырып өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметінен Сурет Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметінен

Ақмола облысындағы бөгетті су жырып өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz с тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ақмола облысындағы бөгетті су жырып өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz с тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірлік ТЖД өкілдерінің мәліметінше, облыс аумағында  су тасқыны жағдайы апатты-тұрақты. "Негізгі еріген сулар Бурабай және Зеренді аудандарының аумағында жиналып жатыр. Олар Қылшақты өзенімен Көкшетауға қарай бағыт алған. 2019 жылы 31 наурызда таңғы 04:25-те Кенесары бөгетін су жырып өтті", - деді ТЖД өкілдері. 

Кенесары ауылына жақын маңда орналасқан Қылшақты өзенінің бойындағы Кенесары бөгеті 2 690 метр ұзындықта топырақпен жасақталған және максимал биіктігі 12,17 метр. Есіл бассейн инспекциясының мәліметінше, бөгеттің сыйымдылғы - 3,8 миллион куб метр. 

Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері бөгетке жиналатын су Озерное ауылындағы канал мен еріген сулардың жиынтығымен толатынын айтады. Суды бөлу және реттеу шаралары құбырлық сифондар арқылы жүргізіледі. Құтқарушылардың айтуынша, Кенесары ауылын су басу қаупі жоқ екен. Су облыс орталығынан 17 шақырым жерде орналасқан Ивановская бөгетіне қарай Қылшақты өзенінің ағысымен бара жатыр екен. 

"Ивановская бөгетіндегі су 10 сантиметрге түскен. Ағыспен келе жатқан су жазықта тарап, ағысы баяулап жатыр. Кенесары және Ивановская бөгеттерінде мониторинг жүргізу үшін бекеттер қойылған", - деді ТЖ департаменті өкілдері. 258 адам мен 20 техника жұмылдырылған. 

Ақмола облысында тәулік бойы еріген суды бақылау штабы жұмыс істеп жатыр. Ауа температурасының жылуына байланысты және жауын-шашын түсуіне орай қар жылдам еріп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети