Ақмола облысының төтенше жағдай қызметкерлері су тасқынының алдын алуға сақадай сай дайынбыз десе де, айтып келмейтін апаттан Талапкер ауылын арашалап қалу оғайға түспейін деп тұр. Астанадан бар болғаны 15 шақырым жерде орналасқан ауылдағы жағдайды көзімен көру үшін облыс әкімі Қосман Айтмұхаметов те сонда жетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мұнда үш күннен бері құтқарушы топ күндіз-түні өздеріне жүктелген жұмыстарды атқаруда. Мамандардың айтуынша, су қалың қардың еруінен болған. "Ауылдың іргесіне тақап қалған сумен екі арада тек тас жол бөгет болып тұр", - дейді ауыл адамдары.
Ал облыстық ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, оқиға орнына Көкшетау қаласынан үш "КамАЗ", бір экскаватор, бір жүк тиегіш пен 4 "Нива" автокөлігі көмекке жұмылдырылған. Талапкер ауылының көшелерін шайып кетпес үшін Сарыарқа көшесінде көше арықтарын кеңейту жұмыстары жүргізілуде.
"Қазіргі уақытта су тасқынының алдын алу үшін ұзындығы үш шақырымдық арық қазылған. Біздің басты мақсатымыз үйлерді судың басунан құтқарып, адам шығынын болдырмау", - дейді Целиноград аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Ержан Тұрмағамбетов.
Ал ауыл тұрғындары қай уақытта су басып қалады екен деп қауіптеніп отыр. Толарсақтан суды кешіп жүрміз. Ешкім біздің жағдайымызға қарап жатқан жоқ. Қорықпаңыздар, су деңгейі төмендеді дейді. Ал біз судың әлі де көтеріліп келе жатқанын көзімізбен көріп тұрмыз", - дейді ауыл тұрғындарының бірі Үмітжан Алтаева.
Құтқарушы топ қазір су тасқынын толықтай бақылауға алғанын, қандай да бір оқыс жағдай бола қалған жағдайда тұрғындардың қауіпсіз жерлерге көшірілетінін жеткізді.