Ақмола облысындағы аудандардың бірінің мектеп директорлары басшылықтың кесірінен такси болуға мәжбүр екенін айтып, шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрліктің Ақмола облысы бойынша департаменттің жетекшісі Қуаныш Жапақов мәлімдеді.
Ақмола облысындағы аудандардың бірінің мектеп директорлары басшылықтың кесірінен такси болуға мәжбүр екенін айтып, шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрліктің Ақмола облысы бойынша департаменттің жетекшісі Қуаныш Жапақов мәлімдеді.
Көкшетаудағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық Кеңестің мүшелері 2015 жылдың қаңтарынан тамызына дейін қаланың білім беру жүйесінде 12 адам жұмыстан шығарылғанын айтты, оның ішінде алтауы бөлім қызметкерлері де, үшеуі орта мектеп директорлары, үшеуі мектептен тыс ұйымдардың жетекшілері. Ал Көкшетаудың білім бөліміне жаңа басшы Бейбіт Жүсіпов келгеннен кейін 26 адам жұмыстан шығарылыпты, оның ішінде 12-сі бөлім қызметкерлері, алтауы мектеп директорлары.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрліктің Ақмола облысы бойынша департаментінің жетекшісі Қуаныш Жапақов оқытушылардың білім бөлімінің басшысына қандай наразылық айтқанын түсіндірді. "олар заңбұзушылық ретінде Көкшетау қаласының білім бөлімінің бас бухгалтерінің орнына Зеренді ауданында сіздің басшылығыңызбен жұмыс істеген Кисинаның қабылдануын көрсетіп отыр. Ол Көкшетаудың білім бөлімінің бас бухгалтері қызметіне Жүсіповтің шақыртуымен келгенін және сіздің бөлімде бас бухгалтер болғанын айтты. Сонымен қатар, біз №2 мектептің ұжымының шағымын қарадық. Тексерістің барысында мектеп оқытушыларының ұжымымен өткен жиналыста сөйлеген оқу ісі жөніндегі директор орынбасары Ысмағұловқа және қатысушыларға қарата жөн-жосықсыз пікірлер айтылған. Шағымданушылар әңгімелесу әдебі кем қалыпта көрсететін, жол беруге болмайтын жағдайға жеткен. Сіз қалалық білім бөлімінің басшысы болып тағайындалғаныңызда Зеренді аудандық білім жетекшілері келіп, сіздің сол жақта істегеніңізден мектеп директорларының 90 пайызының такси болып нәпақа табуға мәжбүр болғанын айтты", - деді Жапақов.
Бейбіт Жүсіпов болса 26 адамның өз қалауымен жұмыстан шығарылғанын, ал еңбек қатынастарының зейнет жасына жетуіне байланысты үзілгенін мәлімдеді.
Айта кетейік, Бейбіт Жүсіпов бұл қызметке 2015 жылдың 28 шілдесінде келген еді.