08 қазан 2019 | 09:24

Ақмола облысының бас полицейі қызметінен босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Ақмола облыстық полиция департаменті басшысы Берік Біләловті қызметінен босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Ақмола облыстық полиция департаменті басшысы Берік Біләловті қызметінен босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Басшының орынбасары А. Сәдуов пен қаржылық қамтамасыз ету басқармасының басшысы С. Жұмалинаға қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуіне байланысты полиция департаментінің басшысы генерал-майор Б. Біләловқа атқарып отырған қызметінен босату туралы баянат берілді", - делінген хабарламада.

Ақмола облыстық полиция департаменті басшысының міндетін атқарушы болып Қазақстан ІІМ Криминалдық полиция департаментінің басшысы полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин тағайындалды.

4 қазанда Ақмола облыстық полиция департаментінің полковниктері Садуов пен Жұмалинаның ұсталғаны туралы белгілі болды. Оларға қатысты "сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету" бабы бойынша айып тағылды. 

Күдіктілер құқық бұзушылықты бір жыл бойы жасағаны анықталды. Сәдуов 2018 жылдың сәуір айында облыстық ПД басшысының орынбасары лауазымына тағайындалған. Бұған дейін аса маңызды қылмыстарды тергеумен айналысты, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы болды. Жұмалина ішкі істер органдарында 20 жыл қызмет еткен, оның жеті жылын Ақмола облыстық ПД қаржылық қамтамасыз ету басқармасына басшылық етті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети