Ақмолалық шенеунік сасық су ішуге мәжбүр болды. Айдарлы ауылының тұрғындары судың сапасына шағымданып, су құрамында құрт барын, оны ішу өте қауіпті екенін айтты, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.
Ақмолалық шенеунік сасық су ішуге мәжбүр болды. Айдарлы ауылының тұрғындары судың сапасына шағымданып, су құрамында құрт барын, оны ішу өте қауіпті екенін айтты, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.
Ашынған халық ауыл әкімінің орынбасары Жадай Әбутәліповті шақырып, оны құтыға құйылған суды ішуге мәжбүрледі. "Шашылған малдың қорымы. Ұңғыманы соның қасына апарып қойды. Су әлбетте таза болмайды", - деді жергілікті тұрғын.
Малдың қорымының орны толық тегістелгенімен, өлекселер сол жерде қалған. Халық бұл жерге құбыр тартуға болмайтынын талай ескертіпті. Тұрғындардың айтуынша, ыстықта шөлдеп келген балалар қайнамаған суды ішіп жүре береді.
"Бізде аудандық СЭС-тің 2014 жылғы қортындысы бар. Су ішуге жарамды", - деді ауыл әкімінің орынбасары. Ол тұрғындар ұсынған судан бір жұтым ғана ішті.
Телеарнаның хабарлауынша, 50 метр тереңдікте салынуы керек болған құбыр 30 метрде ғана жатыр. Тұрғындар суды сараптамаға беріп, әкімдікті сотқа береміз деп шешті.