Ақмола облысының тұрғыны банк шотын досына беремін деп басы бәлеге қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысының тұрғыны банк шотын досына беремін деп басы бәлеге қалған Фото ©️ Турар Казангапов

Ақмола облысының тұрғыны банк шотына шамамен 20 миллион теңге түскенін білгеннен кейін полицияға жүгінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысының тұрғыны банк шотына шамамен 20 миллион теңге түскенін білгеннен кейін полицияға жүгінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Степногорск тұрғыны 2024 жылы елордаға келіп, достарымен бірге жұмыс істеген. Біраз уақыттан кейін ол өзінің банк шотына ірі көлемдегі қаражат тұрақты түрде түсіп тұрғанын анықтаған. Бұл туралы ер адам тек азаматтық істер бойынша сот хабарламаларын ала бастағанда ғана білген. Жағдайды анықтау мақсатында ол полицияға жүгінеді.

"Тексеру барысында былтыр оның шотына белгісіз адамдардан шамамен 20 миллион теңге түскені анықталды. Өзі бұл аударымдар туралы білмейтінін айтқан. Алайда, бұрын ол өзінің шот реквизиттерін досына бергені белгілі болды, ол бұл мәліметтерді өз қаражатын аудару үшін сұраған. Осылайша, ер адамның шоты басқа тұлғаларға материалдық шығын келтірген схемаға пайдаланылған болуы мүмкін", – делінген Ақмола облысы ПД хабарламасында.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Құқық қорғау органдары азаматтарға өздерінің банк шоттарының деректерін тіпті ең жақын адамдарына да беруге болмайтынын ескертеді. Бұл ауыр заңдық салдарға әкелуі мүмкін. Сақ болыңыз және қаржылық қаражатыңызды қорғаңыз", – деп ескертті полиция өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети