Ақмола облысының тұрғыны Наргиз Жұмабаева әкесінің өліміне дәрігерлерді айыптады, - деп хабарлайды "Aqmola News" ақпарат агенттігі.
Ақмола облысының тұрғыны Наргиз Жұмабаева әкесінің өліміне дәрігерлерді айыптады, - деп хабарлайды "Aqmola News" ақпарат агенттігі.
Оның пікірінше, дәрігерлердің әрекетсіздігі салдарынан әкесі қайтыс болған.
Наргиз Жұмабаева 4 маусымда провизорлық стационарға жатқызылғанын айтты. 3 күннен соң әкесінде ентікпе пайда болған. Ол ауруханаға өз күшімен келген. Қызымен ауруханадағы қабылдау бөлмесінде сөйлесіпті. Алайда бірнеше сағаттан соң қайтыс болған.
Жұмабаева дәрігерлер әкемнің өмірін аман сақтап қалу үшін күреспеді деген пікірде. Оған науқаспен бір палатада жатқан көршісінің түсірген видеосы себеп болып отыр. Ол ақсақал қайтыс болғаннан кейін оны видеоға түсірген.
"Адам көз жұмды. Оған ешқандай көмек көрсетілмеген. Жарты немесе бір сағат бұрын менің алдымда ауруханаға жатқызылды. Денсаулығым нашарлап барады. Ординатор кабинетіне бардым. Ондағы мамандар "Шыдаңыз, қазір келеміз" деді. Алайда науқас ер адам жылап отырды. Жаны ауырған шығар. Олар (медиктер - автор) науқасты қайтадан алып келіп, орнынан тұрса, төсекке байлап тастаймыз деп қорқытты", - дейді видеодағы адам.
Наргиз Жұмабаеваның видеосы мен хатын Aqmola connect қоғамдық қорының басқарма төрағасы Ринат Галлямов Facebook желісіндегі жеке парақшасында жариялады.
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аурухана дәрігерлері науқастың өмірін аман сақтау қалу үшін қолдан келген көмекті көрсеткен. Олар хаттамаға сәйкес ем тағайындаған, ал сағат 16.00-де науқастың жағдайдың күрт нашарлаған кезде: тыныс алуы қиындап, жүрек жеткіліксіздігі пайда болған сәтте реанимациялық процедураларды жасаған. Олар сәтсіз болды. Сағат 16.30-да науқас қайтыс болған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, 1948 жылы туған науқас 4 маусымда ауруханаға жеткізілген. Ол әлсіз, жөтелі мен ентікпесі, дене қызуы 37 градус болған.
Алайда басқарма қайтыс болған науқастың көршісі түсірген видеоға қатысты пікір білдірген жоқ. Тек ауруханаға ауыр салмақ түсіп жатқанын, кадрлардың жетіспеушілігі мәселесі бар екенін, науқастар мен олардың туыстарының қоқан-лоққы және қысым көрсеткенін атап өтті.
"Бүгінде провизорлық емханада жағдайы өте ауыр науқастар көп. Медицина қызметкерлері шамасынша көмек көрсетіп жатыр. Бірақ олар қиын жағдайда жұмыс істеп жатыр. Оған себеп - мамандардың жетіспеушілігі. Бірқатар қызметкер карантинге жатқызылды. Олар ауырып жатыр. Оның арасында COVID-19 диагнозы бар және вирус жұқтырды деген күдікке ілінгендер бар", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, басқарма коронавирус стационарында фото және видео түсіруге болмайтынын атап өтті.