13 наурыз 2014 | 16:47

Ақмолалық диқан майлы дақылдарды көбірек егетін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Биылғы көктемгі егіс науқаны бұрынғыдан өзгерек болатын түрі бар. Себебі, осы жылы ақмолалық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер көп егілетін астық дақылдарының орнына майлы дақылдарды көбірек екпек ниетте, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ауыл шаруашылығы басқармасының деректерін жүгінсек биыл Ақмола облысы 4 миллион 700 мың гектар алқапқа дән егетін болады. Оның ішінде астық дақылдарының үлес салмағы 19 мың гектарға ұлғайған. Яғни 271 мың гектарға тек майлы дақылдар себілетін болады. Сондай-ақ жем-шөп егуге де айтарлықтай көңіл бөліне бастады. Биыл көп жылдық шөп өсіру жоспары жарты миллион гектардан астам алқапты алатын болады. "Күні кеше ғана облыстың тұқым қажеттілігіне Үкіметтен арзан бағамен 65 мың тонна жанар-жағармай бөлінді. Бағасы тоннасына 98 312 теңгені құрайды. Жалпы алғанда Ақмола облысы көктемгі егіс науқанына толық дайын", - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Димаш Таласбаев. Техникалардың дайындығы әзірге 78 пайызды құрап отыр. Биыл көктемгі егіс науқанына ақмолалық диқан 17 мың тұқым сепкіш пен 923 себу кешенін шығармақ.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети