17 ақпан 2014 20:22

Ақмолалық кәсіпкерлердің құқын қорғайтын меморандум

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото en.ria.ru сайтынан алынды Фото en.ria.ru сайтынан алынды

"Көкшетауда Ақмола облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басшылары Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасымен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімін өткізді", деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі, Ақмола облысы бойынша Қаржы полициясы мен Кәсіпкерлер палатасына сілтеме жасап. Құзырлы сала хабарлағандай, меморандум аясында бірлескен қызмет пен өзара ақпараттық алмасу сындарлығы, айқындығы, тиімділігі принциптері негізінде Ақмола облысында кәсіпкерлікті өркендетіп, дамыту үшін институционалдық негіздерді қалыптастыру арқылы бірлесіп жұмыс істеу көзделіп отыр. Жасыратыны жоқ, орта және шағын кәсіпкерлікті заңды-заңсыз тексеріске алу барған сайын үдеп барады. Осы мәселені дұрыс жолға қоюды қатаң тапсырған Елбасы Н.Назарбаев күні кеше тексеруші орындардың басшылықтарына ескерту де жасады. Ал меморандумның негізі мақсаты - отандық кәсіпкерлік саласындағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, жергілікті Қаржы полициясы мен Кәсіпкерлер палатасының сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуда, оны анықтау мен жолын кесуде және әкімшілік тосқауылдарды болдырмауда қоян-қолтық жұмыс істеп, барлық іс-шараларды жүзеге асыруда бірлесіп әрекет ету. Сонымен, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің, оның ішінде шағын және орта бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жолында ынтымақтастықта жұмыс істеуге келісім-шартқа қол қойғандар - Департамент бастығы М. Алиханов пен Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының директоры З. Аяған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети