Көкшетаудағы Наурыз мерекесі
Самарханның көк тасы жібіп, қалың қардың көбесі сөгілетін Наурыз мейрамына ақмолалықтар да әзірлік үстінде. Биылғы наурыздың басты ерекшелгі өңірде алғаш рет наурыз мейрамы екі күн тойланады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Абылай хан» және «Тәуелсіздік» алаңында өтетін шарада Көкшетау қаласындағы орта және жоғарғы оқу орындарының, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының, мәдениет ұйымдарының қатысуымен "Шуағын шашқан Наурыз" атты театрландырылған көрініс қойылады. Биылғы наурыз мейрамында облыс орталығында "Бауырсақ шоу", эстафеталық ойындар, домбыра-party сияқты шығармашыл жастардың шаралары өткізуді жоспарлап отырмыз, - дейді облыстық ішкі саясат басқармасының мамандары. Сонымен қатар, орталық алаңда тұрғындардың қатысуымен тоғыз құмалақ, қазақша күрес, кір көтеру, арқан тарту сияқты ұлттық ойындар да ұйымдастырылатын болады. Ал ең бастысы наурыз мейрамы шарасында мүмкіндігі шектеулі жандар мен тұрмысы төмен адамдарға қайырымдылық асы берілмек. Ал Назарбаев зияткерлік мектебінде Наурыз мейрамы айлығы шеңберінде 18 наурызда мүмкіндігі шктеулі балалар арасында "Жұлдызай-2014" шығармашылық фестивалі өткізілмек. Өңірдің әр түкпірінде түрлі шараларды өткізуге қызу дайындалуда. Бірінде "Жігіт сұлтаны-2014" байқауы өткізілсе, енді бірі "Бауырсақ думанын" келесісі "Үздік дастархан" байқауын өткізуге дайындалуда.
Самарханның көк тасы жібіп, қалың қардың көбесі сөгілетін Наурыз мейрамына ақмолалықтар да әзірлік үстінде. Биылғы наурыздың басты ерекшелгі өңірде алғаш рет наурыз мейрамы екі күн тойланады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Абылай хан» және «Тәуелсіздік» алаңында өтетін шарада Көкшетау қаласындағы орта және жоғарғы оқу орындарының, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының, мәдениет ұйымдарының қатысуымен "Шуағын шашқан Наурыз" атты театрландырылған көрініс қойылады.
Биылғы наурыз мейрамында облыс орталығында "Бауырсақ шоу", эстафеталық ойындар, домбыра-party сияқты шығармашыл жастардың шаралары өткізуді жоспарлап отырмыз, - дейді облыстық ішкі саясат басқармасының мамандары.
Сонымен қатар, орталық алаңда тұрғындардың қатысуымен тоғыз құмалақ, қазақша күрес, кір көтеру, арқан тарту сияқты ұлттық ойындар да ұйымдастырылатын болады. Ал ең бастысы наурыз мейрамы шарасында мүмкіндігі шектеулі жандар мен тұрмысы төмен адамдарға қайырымдылық асы берілмек. Ал Назарбаев зияткерлік мектебінде Наурыз мейрамы айлығы шеңберінде 18 наурызда мүмкіндігі шктеулі балалар арасында "Жұлдызай-2014" шығармашылық фестивалі өткізілмек.
Өңірдің әр түкпірінде түрлі шараларды өткізуге қызу дайындалуда. Бірінде "Жігіт сұлтаны-2014" байқауы өткізілсе, енді бірі "Бауырсақ думанын" келесісі "Үздік дастархан" байқауын өткізуге дайындалуда.