30 қыркүйек 2015 | 11:56

Әкімшілік полициясы комитетінің басшысы Астанадағы той кортежіне қатысты дауға пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Игорь Лепеха. © ortcom.kz Игорь Лепеха. © ortcom.kz

Әкімшілік полициясы комитетінің басшысы Астанадағы той кортежіне қатысты дауға байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Парламент Мәжілісінің отырысының үзілісінде Игорь Лепеха өз әріптесінің құқық қорғау органдарынан кетуі жайлы көзқарасын жеткізді.


Иконка комментария блок соц сети

Әкімшілік полициясы комитетінің басшысы Астанадағы той кортежіне қатысты дауға байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Парламент Мәжілісінің отырысының үзілісінде Игорь Лепеха өз әріптесінің құқық қорғау органдарынан кетуі жайлы көзқарасын жеткізді.

"Ол офицер ретінде келді де өз қалауымен кету туралы рапорт жазды. Кеше ол жұмыстан кетті. Барлық жүргізушінің әрекетіне сот баға береді. Онда құқықбұзушылықтың барлық құрамы бойынша хаттама толтырылды. Өкінішке қарай, той кортеждері жол қозғалысы ережесін жиі бұзады, кейде тіпті шектен шығады, кейде олай емес. Біз бұл жұмысты әрдайым жүргіземіз, кортежге қатысушыларды жауапқа тартамыз. Алайда этикалық ұстанымымызбен олардың салтанатына кедергі болғымыз келмейді, бірақ сонда да осы жұмысты жүргіземіз", - деді Игорь Лепеха.

Әкімшілік полициясы комитетінің басшысы халықты үйлену тойын мәдениеттірек атап өтуге шақырды және ешкімнің де жазадан құтылмайтынын айтты.

"Бақылауға мүмкіндік беретін құралымыз көп, Астанада да, Алматыда да. Мұндай әрекеттерді жасауда осы оқиғалардың бәрінің тіркелетінін және барлық осы адамдардың жауапкершілікке тартылатынын түсіну керек. Меніңше, мұндай тойларды өркениетті түрде тойлауға өтуіміз керек", - деді Игорь Лепеха.

Еске салайық, таяуда полиция полковнигі Бақытжан Балташев ҚР ішкі істер министрінің бұйрығымен берілген рапорт бойынша құқық қорғау органдарынан жұмыстан шығарылды. Отставканың себебі - оның ұлының үйлену тойына жалданған той кортеждерінің жол қозғалысы ережесін өрескел бұзуы.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети