Ақорда Мәскеудегі терактіге байланысты мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақорда Мәскеудегі терактіге байланысты мәлімдеме жасады Видео кадры. "Осторожно, новости". t.me/ostorozhno_novosti

Қазақстан Мәскеудегі бейбіт азаматтарға қарсы террористік актіні қатаң айыптайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Мәскеудегі бейбіт азаматтарға қарсы террористік актіні қатаң айыптайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Қазақстан Мәскеудегі бейбіт азаматтарға қарсы террористік актіні қатаң айыптайды", - деп мәлімдеді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы терроризмді мүлде ақтауға болмайды деп санайды. Ол БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді жазықсыз азаматтарға қарсы зорлық-зомбылықтың бұл түріне бірауыздан қарсылық танытуға шақырады.

Президенттің тапсырмасы бойынша, қажет болған жағдайда, Қазақстанның құқық қорғау органдары ресейлік әріптестеріне көмек көрсетеді.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті лаңкестік әрекет кезінде азаматтардың қаза табуына байланысты Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтты.

Еске салайық, бұған дейін Мәскеуде белгісіз біреулер адамдарға оқ жаудырды: ондаған адам қаза тапқаны хабарланған болатын. Соңғы мәліметтер бойынша, Crocus city Hall концерт залында болған атыс салдарынан қаза тапқандар саны 60-қа жеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 515.16  course up  604.47  course up  6.52  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети