Facebook әлеуметтік желідегі AkordaBaspasoz парақшасында Нұрсұлтан Назарбаевтың оқушы кезінен естелік суреттер жариялады.
Facebook әлеуметтік желідегі AkordaBaspasoz парақшасында Нұрсұлтан Назарбаевтың оқушы кезінен естелік суреттер жариялады.
"Бүгін еліміздегі мектептерде соңғы қоңырау үні сыңғырлап, жасөспірімдер алтын ұясымен қоштасып жатыр. Осыған орай, алпыс жылға жуық уақыт бұрынғы кезеңге ойша шегініс жасап, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың оқушы кезінен естелік - 1958 жылғы фотосуретті ұсынып отырмыз", - делінген хабарламада.
© Facebook.com/AkordaBaspasoz
Сонымен қатар, оқушы Нұрсұлтан туралы оның ұстазы мен сыныптастары өз ойларын бөлісті:
"Ол кезде бүкіл оқу процесі, сыныптан тыс жұмыстардың бәрі оқу ісінің меңгерушісіне жүктелетін. Өзіме қиын болғандықтан, маған пионер ұйымы мен комсомол ұйымының мүшелері көмектесетін. Ал ол ұйымдарды өзін тыңдата алатын, айтқанын орындата алатын шәкірт басқаратын. Сондай шәкірт Нұрсұлтан Әбішұлы болды", - деді Назарбаевтың ұстазы Сейітхан Исаев.
"Емтихан кезінде Нұрсұлтаннан көшірдік. Жасыратын несі бар? Бізде ол кезде барлық сабақтардан емтихан болатын. Сол кезде көмектесетін. Өзім шығара алмаған есепті, Нұрекең шығарса, неге көшірмеймін? Көшіремін!", - деп ойын бөлісті Мемлекет басшысының сыныптасы Кеңес Байбосынов.
"Демалыс күндері би кештерінен қалмайтынбыз. Нұрсұлтан тамаша билейтін. Ол кезде кім жақсы оқиды, қыздар соған қарай жүгіретін еді ғой. Ал Нұрекең мектепті "алтын медальмен" бітіремін деп, сабақтан бас алмай отыратын. Оқуға зерек, баян, домбыра тартатын Нұрсұлтан Назарбаевқа қыздардың көбі ғашық болды", - деді тағы бір сыныптасы Сайлаубек Қыдырәлиев.