Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін қатысатын іс-шаралар аңдатпасы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін қатысатын іс-шаралар аңдатпасы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының пленарлық отырысына қатысып, сөз сөйлейді. Форумда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Босния және Герцеговина президиумының төрағасы Желька Цвиянович, Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов, ЮНЕСКО бас директоры Одрэ Азуле, Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиева және басқа да спикерлер сөз сөйлейді", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының төрағалығымен Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы өтеді. Бұдан бөлек Президент:
- Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиевамен;
- Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен;
- Азия даму банкінің президенті Масацугу Асакавамен;
- Дүниежүзілік банктің вице-президенті Антонелла Бассанимен;
- Citigroup компаниясының Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша бас атқарушы директоры Дэвид Ливингстонмен;
- ENI компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальцимен бірқатар кездесу өткізеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!