19 қараша 2014 | 20:50

Ақордада аграрлық сектор мен салық жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес талқыланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Тұрар Қазанғапов © Фото Тұрар Қазанғапов ©

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.  


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.  

Отырысты ашқан Гүлшара Әбдіқалықова сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл барысында азаматтық қоғамның әлеуетін тиімді пайдалану қажеттігін атап өтіп, комиссия құрамына белгілі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіруінің арқасында барынша тығыз өзара байланыс орнайтынына сенім білдірді.

Ел Президентінің Жарлығымен "Нұр Отан" партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Қ.Сүлейменов, "Қазақстанның азаматтық альянсы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Н.Ерімбетов, "Транспаренси Интернешнл Қазақстан" қамқоршылық кеңесінің төрайымы Н.Малярчук Комиссия мүшелерінің құрамына кірді.

Отырыста экономиканың аграрлық секторында, сондай-ақ еліміздің салық органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі мәселелері қаралды. Комиссия мүшелері Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбековтің, Қаржы министрі Б.Сұлтановтың, Бас прокурор А.Дауылбаевтың, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қ.Қожамжаровтың, Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Қ.Жаңбыршиннің баяндамаларын талқылады.

Талқылау қорытындысы бойынша еліміздің аграрлық секторында және салық жүйесінде сыбайлас жемқорлықтың болуына жол ашатын себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған ұсынымдар әзірленді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети