13 қараша 2014 | 19:23

Ақордада Эбола вирусы мен басқа да жұқпалы індеттердің қауіп-қатері талқыланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото akorda.kz Фото akorda.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Отырыста Қазақстандағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдай қаралды. Бұл тақырыптың өзектілігін бірқатар фактор, соның ішінде әлемдегі Эбола вирусының таралуына байланысты оқиғалар көрсетіп отыр.

Отырысты ашқан Қазақстан Президенті халық денсаулығын қорғауды тиімді қамтамасыз ету мемлекеттің басымдығы бар міндеттерінің бірі саналатынына тоқталды.

– Елімізде жұқпалы, соның ішінде әлеуметтік аурулардың, сондай-ақ сібір жарасы мен бруцеллезді қоса алғанда, жануарлардың қауіпті ауруларының ошақтары бар. Сонымен бірге, Эбола вирусының таралуы секілді сыртқы қатерлер де ұлғаюда. Тұрғындарды түрлі жұқпалардан қорғау мәселесіне жіті назар аударып, тиісті шаралар қабылдау қажет. Мемлекеттік органдардың жауапкершілігін нақты айқындап, олардың іс-қимылдарын үйлестіруді қамтамасыз еткен жөн, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұл ретте Мемлекет басшысы қазіргі қалыптасқан жақсы ахуал арқаны кеңге салуға себеп болмауы тиістігін, өйткені әлемге есігі ашық Қазақстанның кең ауқымды сауда-экономикалық байланыстары, азаматтардың барыс-келістері елімізге қатерлі жұқпалардың келу қаупін жоққа шығармайтынын атап өтті.

Туберкулезбен сырқаттану деңгейін төмендету жөнінде қабылдаған шараларға қарамастан, бұл ауру бұрынғысынша мемлекеттік деңгейде көңіл бөлуді қажет етеді. Осыған орай, туберкулезбен ауырудың барлық оқиғаларын толық анықтауды қамтамасыз ету және жасырып қалу фактілерін қатаң жазалаудың маңыздылығы айтылды.

Қазақстан Президенті көршілес елдермен және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен өзара іс-қимылды және трансшекаралық қауіптер мен биологиялық қатерлер туралы ақпарат алмасуды жандандыру жөнінде міндет қойды.

Нұрсұлтан Назарбаев денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, ауыл шаруашылығы, білім және ғылым, ұлттық экономика министрліктерінің ведомство аясындағы мекемелерінде жұқпалы ауруларға қарсы тұру тақырыбы бойынша жүргізілетін ғылыми зерттеулерді үйлестіруді жұмыстың маңызды бағыты ретінде атады. Болашақта қазақстандық ғалымдардың әзірленімдері негізінде өзіміздің диагностикалық құралдар мен дәрілік препараттардың өндірісін жолға қою қажет.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қауіпті аурулар тұрғысынан қолайсыз елдерге іскерлік және жеке мәселелермен шығатын Қазақстан азаматтарын сақтану шаралары туралы ақпараттандыруды тапсырды.

Отырыс барысында баяндама жасаған Ұлттық экономика министрі Е.Досаев пен Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков елдегі эпидемиялық және эпизоотиялық ахуал жалпы алғанда тұрақты екенін айтты. 2002-2014 жылдары тіркелген оба, тырысқақ, сібір жарасы, конго-қырым безгегі секілді аса қауіпті жұқпалар іс жүзінде бірен-саран сипатта болды.

Соңында Мемлекет басшысы аталған мәселелер бойынша барлық бағдарламалық құжаттар қабылданғанын, сондықтан оларды уақытылы және сапалы жүзеге асыру Үкімет пен атқарушы биліктің жергілікті органдарының маңызды міндеті болып саналатынын айтты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети