Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның әйелдер қауымы өкілдерімен 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған "Көктем шуағы" атты кездесу өткізді. Бұл кездесуде қонақтар Мемлекет басшысына екі ән айтып берлі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық әнші Мария Галицкая гитарамен Бекен Жамақаевтың "Махаббат вальсі" әнін айтып берді.
Кейін одан тағы бір ән сұралды. Ол Юрий Визбордың "Ты у меня одна" әнін орындады.
Президент әншіге алғыс айтып, сәттілік тіледі. "Рақмет, Мария, шығармашылық жетістік пен бақыт тілеймін. Университетті қашан аяқтайсың? Биыл? Қазірдің өзінде танымал болдың, елордаға немесе Алматыға көшіп барасың", - деді оған Елбасы.
Мария Галицкая - 29 жастағы әнші, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты. Ол - Tengri-FM радиостанциясының тыңдармандары үздік деп тапқан "Брат" деген әннің авторы әрі орындаушысы.